2025 жылдың 28 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша 1 курс магистранттары арасында дебаттар өтті.Farabi University

2025 жылдың 28 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша 1 курс магистранттары арасында дебаттар өтті.

28 наурыз, 2025

2025 жылдың 28 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша 1 курс магистранттары арасында дебаттар өтті.

Талқылаудың тақырыбы: «Тұрақты дамуға қол жеткізу құралдарын нығайту және жаһандық әріптестік механизмдерінің жұмысын жандандыру» болды.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №17 – «Тұрақты даму мақсаттары жолындағы әріптестік» мақсатын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Бұл мақсат мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, жеке сектор мен азаматтық қоғамның күш-жігерін үйлестіруде маңызды рөл атқарады. Тұрақты дамудың басқа мақсаттарына тек мықты жаһандық әріптестік арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Мұндай іс-шараларды өткізу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында ерекше маңызға ие, өйткені университет БҰҰ-ның өңірлік хабы ретінде тұрақты даму туралы білімді таратуға және жастарды жаһандық үдерістерге тартуға белсенді түрде атсалысады.

Іс-шараны Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мовкебаева Г.А. және 1 курс PhD докторанты Юрлова Д.А. ұйымдастырды. Дебат барысында екі команда мәселе бойынша қарама-қайшы көзқарастарды білдіріп, тұрақты даму саласындағы жаһандық әріптестік механизмдерінің тиімділігін талқылады.

Дебаттар студенттердің жоғары дайындық деңгейін, күрделі халықаралық мәселелерді талдай білу қабілетін және өз көзқарастарын қорғаудағы шеберлігін көрсетті. Қатысушылар мұндай іс-шаралардың сыни ойлау мен кәсіби дағдыларды қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.