«Туберкулездің алдын алу» тақырыбында дискуссия алаңы

2025 жылы 28 наурызда биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасында «Салауатты өмір салты мәдениеті» жобасы аясында «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында дискуссия алаңы өткізілді. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-мақсаты (Міндет 3.3) «Барлық жастағы адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатты арттыру» шеңберінде ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: студенттерге туберкулездің алдын алу маңыздылығын түсіндіру, ауру, оның таралу жолдары, белгілері және алдын алу шаралары туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ туберкулездің қоғамға әсері және оның өзекті мәселелерін талқылау арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту. Дискуссия алаңында студенттер туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы, таралу механизмдері, қауіп факторлары, заманауи диагностика және емдеу әдістері турылф маңызды тақырыптарды қамтитын баяндамалар мен презентациялар жасады. Өткізу орны мен уақыты: Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасы, 415-аудитория, 15:00. Ұйымдастырушылар: Биотехнология кафедрасының профессорлары Асрандина С.Ш., Атабаева С.Д. және «6В070103 – Биотехнология» мамандығының 1 және 4-курс студенттері.
Басқа жаңалықтар

