Оқушылар «Фараби әлемі» конференциясының «Ғылымға бастама» секциясында инновациялық жобаларын ұсындыFarabi University

Оқушылар «Фараби әлемі» конференциясының «Ғылымға бастама» секциясында инновациялық жобаларын ұсынды

3 сәуір, 2025

2025 жылғы 3 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Ғылымға бастама (оқушылар арасында)» атты 5-секцияның жұмыс комиссиясы өз отырысын өткізді.

Іс-шара биология және биотехнология факультетінің базасында өтті.
Комиссия төрайымы – Кистаубаева Аида Сериковна, биология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., биотехнология кафедрасының меңгерушісі.

Комиссия құрамында:

  • Карпенюк Татьяна Анатольевна – биология ғылымдарының докторы, биофизика және биотехнология кафедрасының профессоры;
  • Игнатова Людмила Викторовна – биология ғылымдарының кандидаты, биотехнология кафедрасының доценті;
  • Колесникова Татьяна Анатольевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, НУ «Престиж» мектебінің география пәнінің мұғалімі.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша әртүрлі мектептер мен лицейлерден 18 тезис баспаға қабылданды. Секция аясында оқушылар өздерінің ғылыми және тәжірибелік жобаларын таныстырған 15 баяндама тыңдалды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Жеңімпаздар тізімі:

І дәрежелі диплом - Әділдабек Әлімжан (№165 лицей) — «Біздің өңірдегі сирек кездесетін түрлерді сақтау мақсатында қабыршақ қанаттыларды үй жағдайында өсіру тәжірибесі».

ІІ дәрежелі диплом - Насырова Эва және Носарева Сафина (НУ «Престиж» мектебі) — «Пробиотикті дақылдар қосылған лактозасыз және қантсыз диеталық сүзбе пастасын жасау».

ІІ дәрежелі диплом - Жаксибекова Майра және Мухтар Жансұлу (Ю. Гагарин атындағы №8 лицей) — «Artemisia absinthium (ащы жусан) және Bacillus subtilis метаболиттері негізінде ваннаға арналған бомбочкаларды әзірлеу».

ІІІ дәрежелі диплом - Искандеров Илья (№111 гимназия) — «Lactobacillus туысына жататын бактериялар мен микробалдырлардан алынған қоректік қоспа (йод қосылған функционалдық өнім)».

ІІІ дәрежелі диплом - Ким Богдан және Сенковей Савелий (№120 гимназия) — «Әртүрлі заттардың өсімдіктердің тамыр жүйесінің қалыптасуына әсері».

ІІІ дәрежелі диплом - Упағали Зейнеп және Құрманбай Айзере (№126 лицей) — «Мұғалімдердің танымдық қабілеттерінің өзгеруі».

«Ғылымға бастама» секциясы оқушылардың биология және биотехнология саласындағы зерттеу әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берген алғашқы ғылыми алаңға айналды.

Секцияның ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға ғылым жолындағы ізденістерінде табыс, шабыт, тың жаңалықтар мен жарқын жетістіктер тілейді! Білімге деген ұмтылысыңыз бен зерттеуге деген қызығушылығыңыз ғылымдағы болашақ жетістіктеріңіздің берік іргетасы болсын!

   

  

PhD, биотехнология кафедрасының аға оқытушысы – Абдулжанова М.А.