«Қазақстан саясат ғылымының және тәжірибесінің өзекті мәселелері» «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясыFarabi University

«Қазақстан саясат ғылымының және тәжірибесінің өзекті мәселелері» «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

3 сәуір, 2025

 

2025 жылдың 3 сәуірінде Философия және саясаттану факультетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының «Қазақстандық саясаттану мен практиканың өзекті мәселелері» атты секциясы өтті.

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттері мен аспиранттары өз зерттеулерімен таныстырды. Секцияда Қазақстанның дамуы, тіл саясаты, цифрлық мемлекет, SDG мәселелері, Қазақстан Республикасы азаматтарының электоралдық тәртібі және т.б. мәселелер талқыланды. Қатысушылардың баяндамаларын саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Лилия Юсуповна Зайниева, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Людмила Михайловна Ким, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Аэль Серікболатқызы Кенжетаева бағалады. «Қазақстандық саясаттану мен практиканың өзекті мәселелері» секциясының модераторы PhD докторы, аға оқытушы Абжаппарова Айгүл Абдімүтәліпқызы болды.

«Қазақстандық саясаттану мен практиканың өзекті мәселелері» секциясында студенттер мен аспиранттардың баяндамалары тыңдалды. Барлық конференция спикерлері ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін көрсетті. Барлық тақырыптар ерекше қызығушылық пен пікірталас тудырды.

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының «Қазақстандық саясаттану мен практиканың өзекті мәселелері» секциясының қорытындысы бойынша келесі қатысушылар ұсынылды:

Диплом 1 орын: Сисенбердиева Айдана Ерланкызы  Конфликтология, 1-курс магистранты. Жетекшісі: с.ғ.д., профессор Насимова Г.О. «Гендерные теории конфликтов»

Диплом 2 орын: 1. Төребек Әлнұр Қуанышбекұлы Саясаттану, 4-курс студенті. Жетекшісі: саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Бузуртанова М.М. «Сценарии развития Казахстана как средней державы». 2. Тоқшылықова Аймереке Әскербекқызы, Туржан Айгерим Сабырбекқызы – Саясаттану, 4-курс студенті. Жетекшісі: саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Ахмаганбетов Р. М. «Спиралды динамика» теориясына негізделген қазақстандық қоғам құндылықтарының саяси аспектілері».

Диплом 3 орын: 1. Сорокина Арина Витальевна – Саясаттану, 2-курс магистранты. Жетекшісі: с.ғ.д., профессор Зайниева Л.Ю. «Политические учения французских мыслителей XVII-XVIII вв». 2. Тәліп Ақсәуле Қайсарқызы – Саясаттану, 2-курс студенті.  Жетекшісі: с.ғ.д., профессор Насимова Г.О. «Саяси қатысудың цифрлық формалары; шет елдік тәжірибеде». 3. Шаншархан Сымбат Дәулетқызы – Саясаттану, 2-курс магистранты. Жетекшісі: с.ғ.д., профессор Мұсатаев С.Ш. «Су ресурстарын пайдаланудағы ұлттық мүдделер: халықаралық ынтымақтастық пен дау-жанжалдар».

Абжаппарова А.А.