
📌 Өз ғаламшарымызды қорғайық!
28.03.2025 күні «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 1 курс магистранттары Құрасбек Аяжан және Мауленова Алма СИБ 22-02 тобының студенттерімен бірге «Экология және біз» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
♻️ Сабақ барысында қалдықтардың қоршаған ортаға әсері, қайта өңдеудің маңыздылығы, асыра тұтыну мәселесі, экологиялық тепе-теңдікті сақтау жолдары талқыланды.
🌱 Студенттер экологиялық мәселелерді шешу жолдары бойынша ой бөлісіп, викториналар, топтық тапсырмалар және интерактивті ойындар арқылы өз білімдерін бекітті.
💡 Ашық сабақ нәтижесінде қатысушылар саналы тұтынудың маңызын түсініп, табиғатты қорғау бойынша нақты қадамдар жасауға мотивация алды.
🔹 Ұйымдастырушылар: магистранттар Құрасбек Аяжан, Мауленова Алма
🔹 Қатысушылар: СИБ 22-03 тобы
🔹 Куратор: Бекетова А. К.
Басқа жаңалықтар

