«Амал» немесе «Көрісу» мерекесі

«Амал» немесе «Көрісу» мерекесі келісімнің, сыйластық пен бірліктің символы ретінде қоғамдағы қоғамдық келісімді, өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға ықпал етеді. ТҰТ 16 - Бейбітшілікті, әділеттілікті және күшті институттарды ілгерілетуге бағытталған Бейбітшілік, әділдік және күшті институттар, сондай-ақ ТҰТ 4 (Тұрақты даму үшін білім беру) және ТҰТ 11 (Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар), дәстүрлер туралы білім беру және мәдени бірегейлікті нығайту және қоғамның тұрақты дамуымен байланысты.Татулықтың, сыйластықтың белгісі 14 – наурыз «Амал» немесе «Көрісу» күні – қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. Осы күні кафедраның профессорлары Әбілов Ж.Ә., Жумагалиева Ш.Н., доцент Құдайбергенова Б.М., аға оқытушылар Кайралапова Г.Ж., мен Иминова Р.С. ырыс-ынтымақты арттыратын айрықша мейрам екенін ескере отырып, факультеттің оқытушылары мен студенттерімен көрісіп жақсылыққа, береке-бірлікке ұмтылуға шақырады.
Мерекенің мақсаты – қазақ халқының рухани байлығын, ұлттық бірегейлігін сақтау және жаңару. Бұл күннің маңыздылығы оның қоғамдағы үйлесімділік пен тыныштыққа үлес қосуында. Мұндай мерекелер арқылы ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында, жастарға отбасылық жене әлеуметтік құндылықтарды түсіндіруге үлкен мән берілді.
Басқа жаңалықтар

