«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидатының мәні мен маңызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ҚФ-302 тобы мен аталмыш топ эдвайзері, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидатының мәні мен маңызы» атты тақырыпта эдвайзерлік сағат өтті. Тәрбие сағаты барысында топ студенттерімен тақырты жан-жақты талқылап, пікір алмасу болды.
Расында, қоғамда әр адамның өмірлік ұстанымы, құндылығы болады. Сол құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы – адалдық. Адалдық – адамның ішкі тазалығы, шынайылығы мен әділеттілігі. “Адал адам – адал еңбек – адал табыс” қағидаты – осы құндылықты нақты көрсететін ұғым. Бұл тек сөз тіркесі емес, ел болашағын айқындайтын маңызды бағыт. Адал адам – әрқашан шындықты жақтайтын, әділетті шешім қабылдайтын, жауапкершілікті сезіне білетін тұлға. Ол өзінің жеке пайдасынан бұрын елдің, қоғамның мүддесін ойлайды. Мұндай адамның ісі де, сөзі де сенімді болады. Ал адал еңбек – сол адамның күнделікті өмірде таза жолмен әрекет етуі. Жұмысын бар ынтасымен, шын ниетімен атқаратын адам ғана жетістікке жетеді. Арам жолмен келген табыс ұзаққа бармайтыны анық.
Адал еңбек – қоғамның дамуына, ел экономикасының нығаюына да зор үлес қосады. Жемқорлық пен әділетсіздік азайып, таза еңбек үстемдік құрғанда ғана мемлекет алға басады. Осындай еңбек нәтижесінде келетін – адал табыс. Бұл тек материалдық табыс емес, рухани қанағат пен ішкі тыныштық. «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидатын ұстану – қазіргі заман жастары үшін маңызды. Бұл қағидат әр азаматтың бойында болса, қоғамымыз әділетті, бірлігі бекем, болашағы жарқын елге айналары сөзсіз.