Денсаулық пен әл-ауқатFarabi University

Денсаулық пен әл-ауқат

6 сәуір, 2025

«Денсаулық пен әл-ауқат» №3 БҰҰ тұрақты даму мақсатына сәйкес Дүниежүзілік иммунитет күніне арналған мини-конференция кафедраның профессоры Кульниязова Гүлшат Матаевна мен  доцент міндетін атқарушы Сарыбаева Мадина Абдуллаевнаның жетекшілігімен өткізілді.

Іс-шараға 2 курс, 23-01 топтың ОМ бағыты бойынша оқитын студенттері белсенді қатысты. Студенттер университет ішінде сауалнама жүргізіп, өзге студенттердің иммунитетті қалай нығайтатыны туралы пікірлерін білді. Сонымен қатар, қабырғаға ілінетін ақпараттық плакаттар дайындап, тақырыптық баяндамалар ұсынды.

Конференция салауатты өмір салтын насихаттауға және болашақ медицина қызметкерлерінің қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталды.