Фараби әлемі: "Әлемдік өркениеттің даму үрдісі" секциясыFarabi University

Фараби әлемі: "Әлемдік өркениеттің даму үрдісі" секциясы

4 сәуір, 2025

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдығына арналған «40 іс-шара» аясында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында "Әлемдік өркениеттің даму үрдісі" секциясы бойынша Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы  өтті. Конференцияға секция тақырыбына сәйкес 11 тезис ұсынылып, 11 зерттеу жұмысы тыңдалды. Конференция барысында Дүние жүзі тарихына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Мақсаты: тыңдаушылардың ғылымы мақала жазу шеберлігін шыңдап, оларды ғылыми жұмыспен айналысуға үйрету, тәжірибе жинақтату. Конференция өз деңгейінде жақсы өтті, соңында тыңдаушылар дипломдармен марапатталды.