Фараби әлемі: «Жаһандық цифрландыру дәуірінде математиканың рөлі»

: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдығына арналған «40 іс-шара» аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА "Жаһандық цифрландыру дәуірінде математиканың рөлі" секциясы бойынша студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Тыңдаушылардың ғылымға деген санасын қалыптастыруға және олардың зерттеулік жұмысқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Іс-шараның мазмұны: Конференцияға секция тақырыбына сәйкес 15 тезис ұсынылып, 14 зерттеу жұмысы тыңдалды. Конференция барысында жасанды интелект негізінде жұмыс істейтін роботтар мен дрондарды пайдалану, автоматтандыру және цифрландыру дәуірінде математиканың рөліне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Секция жұмысының нәтижесі:
Диплом I дәрежелі – Толқын Сұңқар, Мәлібай Аман
Диплом II дәрежелі – Ондасын Динар
Диплом II дәрежелі – Әутай Eлина
Диплом III дәрежелі - Ерболат Жанерке
Диплом III дәрежелі - Қаршанәлі Нұрқат
Диплом III дәрежелі - Каракулoв Нурислам
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірнеше бағытына сәйкес өтті. Біріншіден, №4 – Сапалы білім мақсаты аясында қатысушыларға математиканың тарихи сананы қалыптастыруға басымдық болды. Екіншіден, №16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар мақсатына сәйкес, шара математика тарихын сананы нығайту, тыңдаушылардың математика пәніне деген құрметін арттыруға бағытталды.
Секция жұмыс аясында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Оқытушылар мен тыңдаушылар математиканы зерттеудің маңыздылығын атап өтіп, осындай конференция өткізудін қажеттілігі туралы ой бөлісті.
Басқа жаңалықтар

