«№15 ТДМ – Құрлық экожүйелерін сақтау»Farabi University

«№15 ТДМ – Құрлық экожүйелерін сақтау»

11 наурыз, 2025

 «№15 ТДМ – Құрлық экожүйелерін сақтау» тақырыбында ормандарды қорғау, жердің тозуының алдын алу, биологиялық әртүрлілікті сақтау және экожүйелерді тұрақты басқаруға бағытталған мақсатымен ашық кураторлық сағат КИ_24-1, 2 топтарында өткізілді. Шара барысында студенттерге құрлық экожүйелерінің маңыздылығы, оларды қорғау жолдары мен тұрақты даму мақсаттары туралы ақпарат берілді. Кураторлық сағат интерактивті түрде өтіп, қатысушылар экожүйелерді сақтау бойынша өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық бастамалар талқыланып, экологиялық мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Іс-шара студенттердің табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға және экологиялық сананы қалыптастыруға ықпал етті.

11.03.2025. КИ_24-1, 2, Куратор -Максутова Б.А.