ТДМ 4. Виртуалды зертханаларды қолдану арқылы сапалы білім беру

ТДМ 4 аясында өткізілген бұл іс-шара студенттерге виртуалды зертханалар арқылы сапалы білім алу мүмкіндігін ұсынды. Студенттер әртүрлі физикалық тәжірибелер мен эксперименттерді онлайн режимде орындап, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Виртуалды зертханалар оқу үдерісін интерактивті етіп, студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырды. Іс-шара білім сапасын арттыруға, студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға және ғылыми эксперименттерді орындау барысында жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл шара студенттердің оқу мотивациясын арттырып, цифрлық білім беру құралы ретінде виртуалды зертханаларды тиімді қолданудың маңыздылығын көрсетті.
Ұйымдастырушы: доцент м.а., Еримбетова Л.Т.
Қатысушылар: Электрэнергетикасы БББ 2 курс студенттері
Басқа жаңалықтар

