М.Мақатаев және көркем аударма

3 ақпан, 2016

М.Мақатаев және көркем аударма

2016 жылы 3 ақпанда «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен «Жүз кітап» жобасы аясында «М.Мақатаев және көркем аударма» атты поэтикалық аударма кеші өткізді. Мұқағали ақынның өз дауысымен басталған кеш оның шығармашылығына арналған слайд-шоумен жалғасты. Болашақ аудармашылар М.Мақатаев аударған У.Шекспир сонетінің аудармасын талдады, ақынның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері оқып, «Бүгін менің туған күнім» музыкалық қойылым қойды. Кеш қонағы – ақынның қызы, ҚазҰУ-дың ұстазы Шолпан Мұқағалиқызы, сондай-ақ профессор Ә.С.Тарақов өз естеліктерімен бөлісті. Клуб жетекшісі, доцент Л.Мұсалы Мұқағали өлеңдерін өзге тілдерге аударудың маңызын атап өтті

Кешке шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Д.Қарағойшиева, Э.Бектурова, М.Жаңабекова, А.Айтмухамбетовалар қатысты.