ТДМ №7 – Қолжетімді және таза энергияFarabi University

ТДМ №7 – Қолжетімді және таза энергия

10 сәуір, 2025

🔋💡 Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) №7 – Қолжетімді және таза энергия

Физика-техникалық факультетінде «Физика және нанотехнология» білім беру бағдарламасының студенттерімен ТДМ №7 аясында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

📍 Іс-шара барысында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, әсіресе күн және жел энергетикасы, энергия үнемдеу технологиялары және тұрақты энергетикалық шешімдер талқыланды.

💬 Студенттер таза энергия көздерінің маңыздылығы мен болашақтағы рөлін талқылап, энергетика саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

🔗 Бұл іс-шара жас мамандардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, ТДМ мақсаттарына жетуге үлес қосуға бағытталған маңызды бастама болды.

Ұйымдастырушы: аға оқытушы М.Н. Сұлтанғазина