Тұрақты даму мақсаттарының 17-ші мақсаты – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікFarabi University

Тұрақты даму мақсаттарының 17-ші мақсаты – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік

10 сәуір, 2025

Университетіміздің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының докторанты Бақытқазы Таңнұр халықаралық «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Albany State University-де ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті.

 

Тағылымдама барысында докторант халықаралық академиялық ортада жұмыс істеу, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу, физикалық білім беру саласындағы заманауи зерттеу әдістерімен танысу және ғылыми ынтымақтастық аясын кеңейту мүмкіндігіне ие болды.

 

Тағылымдама кезінде Тұрақты даму мақсаттарының 17-ші мақсаты – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік (SDG 17: Partnerships for the Goals) аясында халықаралық академиялық байланыстарды дамыту мен тұрақты ғылыми серіктестіктерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Мұндай бағдарламалар жас ғалымдардың ғылыми мобильділігі мен біліктілігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар қазақстандық ғылымды әлемдік ғылыми қауымдастыққа интеграциялауға да үлкен үлес қосады.

 

Біз жас зерттеушілеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз және алынған тәжірибе болашақтағы ғылыми жаңалықтар мен халықаралық бірлескен жобалар үшін берік негіз болады деп сенеміз!