Жас зерттеушілердің үздік баяндамалары: «Фараби әлемі» конференциясы секция жеңімпаздарының нәтижелері. ТДМ 4 және ТДМ 9Farabi University

Жас зерттеушілердің үздік баяндамалары: «Фараби әлемі» конференциясы секция жеңімпаздарының нәтижелері. ТДМ 4 және ТДМ 9

5 сәуір, 2025

2025 жылғы 4 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында секция жеңімпаздарының баяндамаларын тыңдау өтті. Шараға факультеттегі барлық білім беру бағдарламаларының өкілдері – теориялық физикадан бастап энергетика, метрология және нанотехнологиялар саласына дейін – қатысты.

Секция жеңімпаздарының баяндамалары қазіргі ғылыми міндеттер мен тұрақты дамудың өзекті мәселелерін қамтыды. Көптеген жұмыстар мынадай Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) бағытталды:

  • ТДМ 4 — Барлық адамдар үшін инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алуға мүмкіндіктер жасау;
  • ТДМ 9 — Тұрақты инфрақұрылым құру, инклюзивті және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу.

Секция жеңімпаздары:

  • Секция 1. Теориялық физика
    Алибекова Жұлдыз Серікбайқызы – 1 курс докторанты, «Физика»
  • Секция 2. Ядролық физика
    Шайдоллина Ақнұр Жанкелдіқызы – 2 курс магистранты, «Ядролық медицина»
  • Секция 3. Конденсацияланған күй физикасы және наноматериалтану
    Қуандық Аяулым Орынбайқызы – 4 курс студенті, «Жаңа материалдар технологиясы»
  • Секция 4. Жылуфизика және теориялық жылутехника
    Ашыбаев Арыстан Чингизұлы – 4 курс студенті, «Техникалық физика»
  • Секция 5. Радиофизика және электроника. Астрономия
    Құдайбергенова Гүлнұр Берікқызы – 4 курс студенті, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
  • Секция 6. Энергетика және энергия тиімділігі
    Жалғабаев Сәкен Жеңісұлы – 2 курс магистранты, «Электроэнергетика менеджменті»
  • Секция 7. Стандарттау, сертификаттау және метрология
    Тұрақова Динара Асқарқызы – 2 курс магистранты, «Стандарттау және сертификаттау»
  • Секция 8. Плазма физикасы және нанотехнологиялар
    Оңайбергенов Жансерік – 3 курс студенті, «Физика және нанотехнология»
  • Секция 9. Физикадағы білім беру технологиялары
    Беимбетова Медина Біржанқызы – 2 курс магистранты, «Физика»

Қазылар алқасының шешімімен марапаттар келесі қатысушыларға берілді:

  • 🥇 І дәрежелі диплом — Құдайбергенова Гүлнұр Берікқызы

  • 🥈 ІІ дәрежелі диплом — Ашыбаев Арыстан Чингизұлы

  • 🥉 ІІІ дәрежелі диплом — Оңайбергенов Жансерік

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және ғылыми табыстар тілейміз!