- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Жоғары технологиялар институты» ЖШС өкілдерімен кездесу: ғылым саласындағы ынтымақтастық және тұрақты даму. ТДМ 9 және ТДМ 13
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Жоғары технологиялар институты» ЖШС өкілдерімен кездесу: ғылым саласындағы ынтымақтастық және тұрақты даму. ТДМ 9 және ТДМ 13

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының еншілес ұйымы болып табылатын «Жоғары технологиялар институты» ЖШС (ЖТИ) өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу ғылым саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне, ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын және факультет магистранттарының, жас ғалымдарының, оқытушыларының қатысуымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылауға арналды.
Кездесу барысында тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыру шеңберінде ғылыми қызметтің экологиялық аспектілеріне және тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
ЖТИ өкілдері 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Экологиялық жобалау және мониторинг орталығының қызметі туралы ақпарат ұсынды. Бұл орталықтың қызметі келесі бағыттарға бағытталған:
- тұрақты даму қағидаттарын өнеркәсіптік тәжірибеге енгізу;
- Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
- халықаралық стандарттар мен үздік салалық практикаларды қолдану.
Ынтымақтастық аясындағы Тұрақты даму мақсаттары:
- ТДМ 9 – Тұрақты ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
- ТДМ 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл және экологиялық тәуекелдерді азайту.
Кездесу қорытындысы бойынша студенттердің тәжірибеге бағытталған жобаларға қатысуы, өндірістік және ғылыми тәжірибеден өтуі, сондай-ақ бірлескен ғылыми жарияланымдар дайындау бағыттарында ынтымақтастықты дамыту жоспарланды.
Физика-техникалық факультет пен ЖТИ ғылыми, экологиялық және технологиялық инновациялар саласындағы әріптестікті нығайтуға және ұзақ мерзімді байланысты дамытуға өзара мүдделілік білдірді.
Басқа жаңалықтар

