Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы

Тарих факультетінде 2025 жылдың 3 наурыз күні студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының «Музеология, ескерткіштану және тарихи туризм мәселелері» секциясы өтті. Секция жұмысында барлығы 9 баяндама оқылды. Студенттер өз баяндамаларын оқып болған соң оқытушылар мен қатысушы студенттерден әртүрлі сұрақтар қойылды. Секция жұмысы қорытындысы бойынша:
I дәрежелі диплом 1 адамға берілді:
Төлеубай А. «6B02206 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау», 4 курс студенті. Тақырыбы: «Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының эволюциясы». Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Егизбаева М.К.
ІІ дәрежелі диплом 2 адамға берілді: Төлегенова А. «6B02206 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау», 4 курс студенті, тақырыбы: «Алматы қаласы музейлеріндегі сандық коллекциясы». Ғылыми жетекшісі: PhD., доцент м.а. Бейсегулова А.К.
Бәйдібек Н. «6B02206 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау», 4 курс студенті. Тақырыбы: «Балалар музейлерінің қалыптасуы мен тарихы». Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Мейрманова Г.А.
ІІІ дәрежелі диплом 3 адамға берілді:
Жапан Ф. «Заңтану», 1 курс студенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті. Тақырыбы: «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің тарихи музейлері». Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к. Ахантаева Ә.
Рахым Д. «6B02206 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау», 3 курс студенті. Тақырыбы:«Ағаш бұйымдардағы ою-өрнек: қазақ халқының мәдени коды және музейлік құндылық ретінде». Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Егизбаева М.К.
Сатуев Е. «6B02206 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау», 3 курс студенті. Тақырыбы: «Қазақстандағы музей қызметіндегі инклюзия және қолжетімділік мәселелері». Ғылыми жетекшісі: оқытушы Есенаманова А.С.
Басқа жаңалықтар


