Айқын

4 ақпан, 2016

Университет қызметі жоғары бағаланды

Университет қызметі жоғары бағаланды Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы QS-тың (Ұлыбритания) аймақтық директоры Зоя Зайцева ҚазҰУ басшылығымен кез­десті.
Кездесуде жоғары оқу орнының рейтинг көрсеткіштерін жақ­сарту үшін университет қызметінің негізгі мәселелері тал­қы­ланды. Зоя Зай­цева ҚазҰУ-дың соңғы 3 жылдағы қызметін жоғары бағалады. QS өт­кіз­ген көптеген халықаралық семинарларда ҚазҰУ-дың әлемдік рейтингте жоғары көрсеткішке қол жеткізуге жасаған қадамдары жақсы үлгі ретінде аталуда. Соның ішінде университеттің нәтижеге ба­ғытталған басқару үлгісі, интерна­ционалдандыру стратегиясы мен ғалымдардың мақала жария­лау қызметін белсенді қолдау тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады. ҚазҰУ тәжірибесі ТМД және Орта­лық Азия елдерінің ЖОО-да зерттеліп, қолданылып келеді.
Зоя Зайцева ҚазҰУ-дың инфрақұрылымдық нысандарымен танысып болғаннан кейін, ҚазҰУ-дың әлемнің ең үздік 200 уни­верситеттер қатарына қосылу ұмтылысы ауқымды ғылыми жоба­ларды жүзеге асыру мен өзекті мәселелерге байланысты ха­лық­аралық ұйым­дармен байланыс орнату арқылы жүзеге асып жат­қандығына көз жеткізді. Оның пікірінше, ҚазҰУ Кореяның же­текші университет­терімен бірлесіп ашқан медициналық орта­лық пен қоғамдық ден­саулық сақтау жоғары мектебінің (ҚДСМ) ашылуы зерттеу жұмыстарын атқарып отырған университет үшін үлкен жетістік. ҚазҰУ-дың БҰҰ академиялық ықпалдылық бойын­ша жаһандақ хабы болуы, Германия, Жапония мен Пәкстанның академиялық институттарында ҚазҰУ орталығының ашылуы, университет аумағында Sumsung, HP, Microsoft сияқты әлемдік компаниялармен бірлесіп ғылыми-зерттеу лабора­ториялардың жұ­мыс жасауы университеттің күн сайын артып келе жатқан ака­демиялық ықпалдылығы мен жұмыс берушілердің ара­сындағы беделінің, жоғары ғылыми әлеуетінің дәлелі.
ACCELS, Erasmus Mundus-пен әріптестік пен білім беру бағ­-дар­ламаларын Еуропалық агенттіктермен бірлесіп толық ха­лықаралық аккредитациялау шетелдік студенттердің қызығу­шылығын арт­тыруда. Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақ­тық директоры Зоя Зайцева: «Қазақстандағы жоғары білімнің study-destination елі болуға (білім алу орнына) немесе шетелдік студенттерді «тарту орталығына» айналуға мүмкіндігі бар. Үлкен кадрлық әлеуеті мен мүмкіндіктері бар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көлемді қабылдауды жүзеге асыратын бірінші ЖОО болады. Университеттің осы қызмет әлеуеті ауқымды бол­ғандықтан, ол жалпы университет рейтингін бағалау кезінде сапа­лық және сандық көрсеткіштерге оң әсерін тигізеді» деп атап өтті.
http://aikyn.kz/ru/articles/show/19849-universitet_yzmet_zho_ary_ba_alandy