Гендерлік теңдік: Әйелдер тарихы және әйел зерттеулері

2025 жылдың 11 сәуір күні Шетел филологиясы мамандығының 1 курс магистранты Нұрмұханбет Ақерке педагогикалық практика аясында ТДМ 5: Гендерлік теңдік бағыты бойынша «Гендерлік теңдік: Әйелдер тарихы және әйел зерттеулері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Моругова Е.А. жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаты барысында студенттер гендерлік теңдік, әйелдердің тарихи рөлі және әйел зерттеулерінің маңыздылығы жайлы пікір алмасып, ашық форматта талқылау жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге әйелдер тарихының қоғамдағы маңызын таныту, әйел зерттеулері саласындағы жаңалықтармен таныстыру және қазіргі қоғамдағы гендерлік мәселелерге сыни көзқарас қалыптастыру болды.
Сабақ барысында гендерлік теңдік туралы видеоролик көрсетіліп, оның мазмұнына байланысты дискуссия ұйымдастырылды. Студенттер видеода көтерілген мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісіп, қазіргі қоғамдағы гендерлік теңсіздік көріністеріне қатысты пікір алмасты.
Сонымен қатар, «Бұл кім?» атты танымдық ойын ойнатылды. Бұл ойында студенттерге тарихтағы әйгілі әйел тұлғалардың сипаттамалары беріліп, олардың есімдерін табу тапсырмасы ұсынылды. Ойын барысында студенттер Мари Кюри, Роза Паркс, Фатима аль-Фихри, Томирис, Әлия Молдағұлова сынды тұлғалар туралы мәліметтермен танысты.
Сабақта сонымен қатар «миға шабуыл» әдісі қолданылып, келесі сұрақтар талқыланды:
«Гендерлік теңдік» дегенде ойыңызға не келеді?
Әйелдердің тарихтағы рөлі туралы не білесіз?
Неліктен қазіргі заманда әйел зерттеулері маңызды?
Шара соңында студенттер өз пікірлерін ашық білдіріп, сабақтан маңызды әрі құнды ақпарат алғандарын айтты. Тәрбие сағаты толықтай қазақ тілінде өтті.
Ұйымдастырушылар:
Нұрмұханбет Ақерке – Шетел филологиясы мамандығының 1 курс магистранты
Моругова Е.А – Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы
Басқа жаңалықтар


