🔬 Ғылым күніне орай 2025 жылғы 11 сәуірде Астана қаласында Алғашқы Республикалық «Жас Ғалым» форумы өтті.Farabi University

🔬 Ғылым күніне орай 2025 жылғы 11 сәуірде Астана қаласында Алғашқы Республикалық «Жас Ғалым» форумы өтті.

12 сәуір, 2025

Форумға ҚазҰУ-дың «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті Рахимова Диана және Қазақстанның барлық өңірлерінен, жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарынан келген 200-ден астам жас ғалым қатысты.

🎓 Форум ғылымның болашағын, инновацияларды және ел дамуына жастардың қосар үлесін талқылау үшін бірегей алаң болды.

Форумның маңыздылығын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуы арттырды. Ол жас зерттеушілерге қолдау білдіріп, ғылым мен білімге мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтті.

💬 Форумда қарастырылған негізгі тақырыптар:
– ғылымдағы заманауи сын-қатерлер
– зерттеулердегі цифрландыру мен жасанды интеллект
– тұрақты дамудың қозғаушы күші ретіндегі ғылым
– жас ғалымдарды қолдау: гранттар, тағылымдамалар, халықаралық бағдарламалар

👏 Форум көрсетті: қазақстандық ғылымның болашағы бар — және ол талантты, жігерлі, амбициялы жас ғалымдардың қолында!