«Бизнес процесстерді талдау жүйесі» тақырыбында ғылыми семинар

2025 жылғы 11 сәуірде, сағат 18:00-де, «4-мақсат: Жан-жақты және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ баршаға өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру.» аясында «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты О.Ж. Жадигерова «Бизнес тиімділігін басқаруды есептік-талдамалық қамтамасыз ету» пәні бойынша «Бизнес процесстерді талдау жүйесі» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырды. Ғылыми семинарда 1-курс магистранттары бизнес процесстерді талдау жүйесі бойынша ғылыми жобаларын қорғады.
Ғылыми семинарға 1-курс 7М04117 «Есеп және аудит» мамандығының магистранттары мен «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушы-ғалымдары қатысты.
Семинар тәжірибеге бағытталған оқыту тәсілін жүзеге асыруда маңызды алаңға айналды. «Есеп және аудит» мамандығының 1-курс магистранттары бизнес-процестерді талдаудың заманауи әдістерін қамтыған ғылыми жобаларын ұсынды. Бұл жобаларда есептік деректерді цифрландыру, шығындарды оңтайландыру, тиімділікті бағалау және компаниялардағы басқарушылық шешімдерді жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Ғылыми жобалар тек нақты бизнес-тапсырмаларды шешуге ғана емес, сонымен қатар магистранттардың сыни ойлау қабілеттерін, зерттеу дағдыларын және кәсіби дамуға деген тұрақты ынтасын арттыруға бағытталды. Осылайша, семинар академиялық білім мен нақты экономикалық тәжірибелердің ұштасуына ықпал етіп, өмір бойы білім алуға жағдай жасау және сапалы біліммен қамтамасыз ету жөніндегі ТДМ-4 (Тұрақты даму мақсаты 4) міндеттеріне толықтай сәйкес келді.
Сонымен қатар, бұл іс-шара оқытушылар мен магистранттар арасындағы ғылыми байланысты нығайтып, ғылыми белсенділікті арттырды және магистранттардың есеп, аудит және бизнес-аналитика салаларындағы болашақ маман ретіндегі әлеуетін көрсетті.
Басқа жаңалықтар

