
2025 жылдың 14 сәуірі күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің 316-аудиториясында Қазақ филологиясы 1-курс куратор-эдвайзерлері мен 7М02313-Қазақ филологиясы мамандығының 1-курс магистранттары ұйымдастырған «Өз құқығымызды білеміз бе?» атты Тұрақты даму бағдарламасы аясында ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатында Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Муксинова Аққу Турсыновна, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы Урисбаева Айнур Аманкуловна дәріс оқыды. Студенттерге күнделікті өмірде кездесетін құқық бұзушылық жағдайларда өз құқығын қорғап үйренуге байланысты және есірткінің зияны және оны тасымалдың үкімі қандай болатыны туралы ақпараттар берілді.
Басқа жаңалықтар


