Farabi HUB алаңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті: физика-техникалық факультет – ғылым, инновация және тұрақты даму көшбасшылары қатарында. ТДМ 4 және ТДМ 9Farabi University

Farabi HUB алаңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті: физика-техникалық факультет – ғылым, инновация және тұрақты даму көшбасшылары қатарында. ТДМ 4 және ТДМ 9

15 сәуір, 2025

2025 жылғы 14 сәуірде Farabi HUB креативті кеңістігінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың университетішілік байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Байқаулар:
– «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Үздік жас ғалымы»,
– «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы,
– және студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар байқауы.

Салтанатты іс-шарада ҚазҰУ ректоры, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға дипломдарды табыс етті. Ол ғылымның, жастар көшбасшылығының және тұрақты дамудың университет стратегиясындағы ерекше маңызын атап өтті.

Физика-техникалық факультет атынан жеңімпаздар:

 «ҚазҰУ-дың Үздік жас ғалымы» байқауы:
• Нұғыманова Айжан Олжабекқызы
• Сулиева Гүлнара Бадырхановна

 «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы:
• 🥇 I дәрежелі диплом — Құдайбергенова Гүлнұр Берікқызы


• 🥈 II дәрежелі диплом — Ашибаев Арыстан Чингизович


• 🥉 III дәрежелі диплом — Оңайбергенов Жансерік

🚀 Студенттік бизнес-инкубаторлар инновациялық жобалар байқауы:
• 🥈 II орын — Болысбай Аслан Тыныбайұлы
• 🥉 III орын — Қазбеков Нұртілек Таласбекұлы

Факультет жеңімпаздарының жетістіктері келесі Тұрақты даму мақсаттарына (ЦУР) үлес қосады:

• ЦУР 4 – Баршаға сапалы, инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндігін дамыту
• ЦУР 9 – Тұрақты инфрақұрылым, инклюзивті индустрияландыру мен инновацияларды ілгерілету

Физика-техникалық факультет жеңімпаздарды құттықтай отырып, ғылымды, технологиялық шешімдерді және тұрақты болашақты дамытуға қосқан үлестері үшін зор алғыс білдіреді!