Жунусбаева Жазира Кабуловна "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталдыFarabi University

Жунусбаева Жазира Кабуловна "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды

15 сәуір, 2025

Молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Жунусбаева Жазира Кабуловна "Ғылым күніне" орай Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Кафедра ұжымы Жазира Қабылқызын шын жүректен құттықтап, оған жаңа ғылыми жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейді!