Ашық семинар: «Шайтанға тас жинау, тас лақтыру күндері және сақтық шаралары»

2025 жылдың 16 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Шайтанға тас жинау, тас лақтыру күндері және сақтық шаралары» тақырыбында ашық семинар өткізілді.
Семинар «Зекет және қажылық» пәні аясында ұйымдастырылып, оны тәжірибе барысында практикант Маликов С. өткізді. Іс-шараның ғылыми-тәжірибелік жетекшілері — Жүзей М.А. мен Мәжен Е.
Семинар барысында қажылық амалдарының бірі болып табылатын жәмарат рәсіміне қатысты тақырыптар кеңінен қарастырылды. Атап айтқанда, шайтанға тас лақтыру уақыты мен күндері, тас жинаудың реттілігі, рәсімнің шариғаттағы орны мен мағынасы, сондай-ақ қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған сақтық шаралары сөз болды.
Іс-шара мақсаты — қажылыққа ниет еткен жастар мен мамандық иелеріне теориялық әрі практикалық бағытта білім беру, діни рәсімдердің маңызын ғылыми-тәжірибелік тұрғыда түсіндіру. Семинарға қатысушылар көптеген пайдалы ақпаратпен қоса, сұрақтар қойып, тәжірибелік кеңестер алды.
Осындай семинарлар болашақта діни рәсімдерге дайындалуға ниетті азаматтар үшін маңызды бағыт-бағдар болмақ.
Басқа жаңалықтар

