«Фараби әлемі» халықаралық конференциясының жеңімпазы атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының «7М05301 – Химия» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты (ғылыми жетекшісі – PhD Бекисанова Ж.Б.) студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық «Фараби әлемі» ғылыми конференциясына белсене қатысып, үздік ғылыми баяндамасы үшін I-дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Магистранттың ғылыми жұмысы жоғары деңгейде бағаланып, мазмұны мен өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы ескеріліп, қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылып, 75 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы берілді.
Бұл жеңіс – магистранттың табанды еңбегінің, ғылыми жетекшісінің бағыт-бағдары мен қолдауының нәтижесі. Ғылыми шығармашылық жолындағы осындай жетістіктер білім мен ғылымға деген қызығушылықты арттырып, жас зерттеушілерді жаңа белестерге жетелейді.
PhD Бекисанова Ж.Б.
Басқа жаңалықтар

