
Туған күні: 1958 жылы 28 тамыз
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Қазақ КСР
Білімі:
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінің түлегі. Заң ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2013).
Кәсіби жұмыс тәжірибесі:
1981-1990 жж. — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау құқығы кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы
1990-1993 жж. — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Аграрлық және экологиялық құқық» кафедрасының доценті
1993-1997 жж. — С.М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультетінің деканы
1997-2000 жж. — Әл-Фараби атындағы ҚазМУ экономика және құқық институтының ұйымдастыру мәселелері, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директорының орынбасары
2000-2001 жж. — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және құқық институтының директоры
2001-2008 жж. — М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры
2008-2018 жж. — І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры
2016 жылғы 24 наурыздан бастап — VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясынан депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
2021-2022 жж. — «Talap» КЕАҚ Президенті
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі
Ғылыми бағыты мен жарияланымдары:
Көптеген ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар мақалалардың, 3 монография мен 3 оқу құралының және басқа да ғылыми жарияланымдардың авторы. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сараптама тобының мүшесі.
ҚР БҒМ «Еуразиялық интеграция жағдайында ҚР энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің экологиялық-құқықтық мәселелері» жобасының ғылыми жетекшісі.
Марапаттары:
• «Құрмет» ордені (2005 ж.)
• «Парасат» ордені (2011 ж.)
• «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2001 ж.)
• «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.)
• «ҚР Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006 ж.)
• ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2010 ж.)
• А. Байтұрсынов атындағы алтын медаль
• «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі (2012 ж.)
• Алматы облысының Құрметті азаматы (2008 ж.)
• «Бірлік» Қазақстан халқы Ассамблеясының Алтын медалі (2012 ж.)
• «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2014 ж.)
"Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы"
Басқа жаңалықтар

