Вашингтон Университетінің өкілімен кездесуFarabi University

Вашингтон Университетінің өкілімен кездесу

17 сәуір, 2025

2025 жылдың 17 сәуірінде Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы жанындағы «Салыстырмалы тарихи зерттеулер» ғылыми орталығында Вашингтон университетінің түрік және Орталық Азия зерттеулері бағдарламасының директоры Талант Мавканулымен кездесу өтті. Т.Мавканулы Орталық қызметкерлерін Вашингтон университетінің түрік және Орталық Азия зерттеулерінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

«Салыстырмалы тарихи зерттеулер» орталығының директоры, т.ғ.д., профессор Г.К. Көкебаева қатысушыларды қазақстандық және америкалық ғалымдардың компаративистика мәселелері бойынша болашақ ынтымақтастығының ықтимал тақырыптары туралы хабардар етті. Кафедра меңгерушісі, профессор Р.С. Мырзабекова шетелдік ғалымдарды тарта отырып оқылатын кафедраның кейбір оқу курстарымен таныстырды.

Кездесу соңында Орталық және кафедра қызметкерлерінің америкалық ғалымдармен ынтымақтастығының негізгі бағыттары белгіленді.