ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
2025 жылғы 17 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Халықаралық қатынастар факультетінде БҰҰ-ның ТДМ №16 «БЕЙБІТШІЛІК, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР» шеңберінде «Интернет-алаяқтықтың алдын алу және дербес деректерді қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің интернет-алаяқтыққа қарсы әрекет ету және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру, жастардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін, жеке тұлғаны қорғаудың құқықтық тетіктерін түсінуін және заңсыз схемаларға көзқарасын терістеуді қалыптастыру.
Іс-шараға қатысқандар: Шакиров К.Н. – з.ғ.д., халықаралық құқық кафедрасының профессоры, Алтаева К.Ж. – з.ғ.к., доцент, халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, Баймагамбетова З.М. – PhD докторы, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, Байтукаева Д.У. – PhD докторы, кафедра меңгерушісіінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының магистранттары мен студенттері.
Шақырылған қонақтар-сарапшылар:
Сұлтанәлі Ердәулет Еркінұлы – «Home Credit Bank» АҚ заң департаментінің заң кеңесшісі, Бисалиев Марлен Сәкенұлы – заңгер, халықаралық құқық кафедрасының докторанты.
Талқыланған негізгі мәселелер:
- Фишинг деген не және ол неге цифрлық ортадағы басты қауіпке айналды?
- Интернет-алаяқтықтың жиі кездесетін схемалары: жалған сайттар, онлайн несиелер, деректерге қол жеткізу жолдары.
- Киберқылмыстан қорғанудағы құқықтық сауаттылықтың маңызы.
- Дропперге айналмау: жауапкершілік және салдары.
- Жеке деректерді қорғау әдістері және цифрлық гигиенаны сақтау қажеттілігі.
- Киберқылмыс істеріндегі заңнамалық өзгерістер мен қолдану тәжірибесі.
Дөңгелек үстел белсенді және конструктивті атмосферада өтті, қатысушылар талқыланған тақырыптарға зор қызығушылық танытып, өз бақылауларымен бөлісті және студенттер арасындағы цифрлық қауіпсіздікті күшейту бойынша ұсыныстар айтты.
Дөңгелек үстел 1 курс магистранттарының педагогикалық тәжірибесі аясында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар: «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары.
Педагогикалық тәжірибе жетекшісі – PhD докторы Баймағамбетова З.М.
Басқа жаңалықтар


