"Фараби әлемі"Farabi University

"Фараби әлемі"

10 ақпан, 2025

2025 жылғы 4 сәуірінде Медицина және денсаулық сақтау факультетінде "Фараби әлемі" атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтеді. Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасы "Медициналық білім: заманауи трендтер мен мүмкіндіктер" секциясын жүргізеді. Конференцияға факультет студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысады. Конференцияға қатысқысы келетіндердің барлығын 2025 жылғы 4 сәуір күні сағат 09:30-да факультеттің Мәжіліс залына шақырамыз.