Президент және Халық

5 ақпан, 2016

Ел ертеңіне бастайды
Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын бастан аяқ оқып шықтым. Онда Елбасы қазақстандықтардың даму жоспары мен еліміздің болашағын баяндаған. Әлеуметтік-экономикалық жетістіктер мен іс-әрекеттерді көрсеткен. Біз бірігіп қимыл жасасақ Қазақ елінің алмайтын қамалы, аспайтын асуы жоқ екендігі айқын айшықталған.

Біз Тәуелсіздіктің 25-ші жыл­дығына жаңа қазақстандық ар­манмен аяқ бастық, оның ­басты мақсаты – ХХІ ғасырдың ортасына қарай Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 мем­лекеттің қатарына қосы­луына қол жеткізу. Елбасы айт­қандай: «Бұл бүкілхалықтық арманға айналды».
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бұдан бұрын да: «Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Алдағы келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру кезеңі болады. Біз жаңа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар. Біз Қазақстанымызды дамудың жаңа шептеріне шығаратын боламыз!» – дегенді нық сеніммен айтқан болатын.
Көкейге түйгеніміз көп. Арман адамға қанат бітіреді. «Армансыз адам алысқа бармас» деп ата-бабамыз біліп айтқан. Арманы жоқ халықтың болашағы жоқ. Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміз кемелденген жолға түсті. Экономикалық әлеуетіміз көтерілді. Индустриалдық-инно­вациялық бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Барлық облыстарда өндіріс орындары көбейді.Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мықты. Олар бір мақсат, бір мүддеге қызмет етіп келеді. Елбасы мақаласында атап көрсеткен мәселелерді оңтайлы шешудің жолдары бар. Дағдарыс өтеді, кетеді. Біздің халыққа бұрынғыдан да бекем болып, кәсіпке мамандану керек. Сонда дағдарыс қорқынышты емес. Қазақстанды жақсы болашақ күтіп тұр.
Ұлт жоспары – Ұлы істерге бастайтын саяси құжат. Біз Елбасының «Нұрлы жолы» ар­қылы ұлтымыздың өсіп өр­кендеуі мен еліміздің дамуын көреміз. Елбасымыз қашанда елді қиын-қыстау кезеңдерде жарқын бо­лашаққа жетелейтін жобаларды ұсынып, өзінің көреген басшы екенін дәлелдеумен келеді. Бұл бағдарлама да соның бірі. Барлық саланы қамтыған. Соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп, жіліктеп шағып беріпті. Әрі көп мағлұмат аласың. Көзі ашық, санасы бар адамға үлкен ой салады.
Қазіргі дағдарыс жағдайында еңсені түсірмей, алға биік мақсаттар қою маңызды. Қазақ­станды тек алға қойған мақ­саттары ғана дағдарыстан алып шығады.
Елбасы, мемлекетіміз жас­тар­дың білім алуына, осы са­ланы реформалауға ерекше көңіл бөліп жатыр. Білім беру бағ­дарламасына маңыз­ды өз­гертулер енгізілді. Аталмыш мақалада бұл бағыт­тардағы жұ­мыстар былайша көр­сетілген: «Білім беру, денсау­лық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арт­тыруға жағдай жасайды. Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Білім беру үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдар­ламасы (МИИДБ) жобалары үшін кадрлар даярлау дең­гейін арттыру бойынша шаралар қабылданды».
ҚР Президенті Н.Ә.На­зар­баевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бас­тайтын жол» мақаласында сонымен бірге, 2017 жылдан бас­тап «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру басталатыны туралы айтылды. Оған қатысу, әсіресе, жас қазақ­стандықтарға олардың өмірлерінде кәдеге асатын арқаулық еңбек дағдыларын алуға жағдай жасайды.
Президент атап көрсеткендей: «Біз көптеген сынақтарға абыройлы төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаңа Қазақстанды – Ұлы Дала Елін құрдық». Ұлт жоспары қазақстандық арманға бас­тай­­тын жол екені ақиқат. Олай болса, Бес институттық ре­фор­маның ойдағыдай орын­далуына барлық қазақ­стан­дық­тар болып жан-жақты қол­дау көрсетейік!

Сабырхан СМАҒҰЛОВ,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы