Баспа ісі бойынша тәжірибе алмасу

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуірі: баспа ісі, медиа және дизайн» атты І халықаралық баспа ісі, медиа және дизайн көктемгі мектебі өтті.
Ұлттық кітап күні аясында өткізілген халықаралық шараға ҚР Ұлттық кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал журналист Қайнар Олжай, «AmalBooks» баспасының негізін қалаушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай, «Alataу Aqparat» ЖШС директоры Ержан Қалымбайұлы, «Vlast» қазақ редакциясының редакторы, медиатренер Жұлдыз Әбділда т.б. белгілі практик мамандар дәріс оқып, өз тәжірибелерін ортаға салды.
Қатысушылар медиа мәтінді редакциялау технологиялары, медиадизайндағы жаңашылдық, кітап индустриясындағы жасанды интеллектінің рөлі, фактчекинг және ақпаратты верификациялау, медиаэтика мен медиасауаттылық, сондай-ақ digital журналистиканың өзекті мәселелері талқыланды.
Көктемгі мектеп аясында жасанды интеллект, баспа ісі, медиа және дизайн бағыттары бойынша халықаралық ұйымдардың өкілдері мен танымал баспа мамандарының шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
БАҚ өкілдері, баспа саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, сондай-ақ Бангладеш, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия және Ресей елдерінен келген студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысып, пікір бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


