ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ТҰТАСТАНУЫ МЕН «ҚАЗАҚ» АТАУЫНЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫНА 100 ЖЫЛ

2025 жылдың 15 сәуір Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасы – «Сапалы білім беру» бағыты аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ және бірлесе отырып қазақ жерлерінің бір республика құрамына бірігуінің аяқталғанына 100 жыл қазақ халқының тарихи атауын қайтарып алғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ жерінің тұтастануы мен «Қазақ» атауының қайтарылуына 100 жыл» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Конференция аясында модератор: тарих факультетінің деканы т.ғ.д. қаум профессор Д.С. Байгунаков – кіріспе сөзбен ашып берді. Конференцияда сөз алған ғалымдарымыз, т.ғ.д., профессор Абдиров М.Ж, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Кәрібаев Б.Б, ҚР ОМА директоры, т.ғ.к., қауым. профессор Шілдебай С.Қ. Заслуженный деятель народного образования КР, заведующий кафедрой Истории Кыргызстана и Зарубежного Востока Бишкекского гос. университета им. Сапаралиев Д.Б к.и.н., профессор К. Карасаева,– т.ғ.к., Қойшыбаев Б.О, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-ның Еуразия ғылыми-зерттеу институты және ҚР ОМА аға ғылыми қызметкері, Жүнісбаев А.Ә, т.ғ.д., Тұрсұн Х.М Қ.А. Ясауи ат. ХҚТУ профессоры; Дюсембекова Жадыра – Жұмабек Ташенов атындағы университетінің аға оқытушысы Нұрмұханова Ж.Ж – т.ғ.к., Архив ісінің үздігі, сонымен қатар басқада ғалымдарымыз Нүрпейіс Т.Ә, Ноянов Е.Н, Арынов Ж.М. қатысты.
Баяндамашылар биыл патшалық Ресей империясының отарлық езгісі кезеңінде үш генерал-губернаторлыққа, кеңес билігі кезеңінде бірнеше республика құрамына бөлініп кеткен қазақ жерлерінің бір республика құрамына бірігуінің аяқталғанына 100 жыл толып отыр.
Сонымен қатар, Ресей империясының кезінде «киргиз-кайсак» атанса, кеңестік биліктің алғашқы жылдарында ресми түрде «киргиз» атанған қазақ халқының тарихи атауын қайтарып алғанына және Ақмешіттің Қызылорда болып қайта аталуына да 100 жыл толуын тоқталып өтті.
Конференция қарсаңында ҚР Орталық мемлекеттік архиві өз қорларынан түпнұсқа архив құжаттары негізінде көрме ұйымдастырады. Конференцияға тарихшы ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар және БАҚ өкілдері, сондай-ақ, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын барлық азаматтардың ой бөлісіп тарқасты.
Басқа жаңалықтар


