Шешендік өнер сайысы

6 ақпан, 2016

2016 жылдың ақпан айының екінші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы ұйымдастырып отырған «Қытай тілі апталығы аясында» қытай тілінен шешендік өнер сайысы болып өтті.

Ұйымдастырушы ретінде аға оқытушы Абдурақын Нұрқалық пен доцент Ахметбек Гульжан кафедра менгеруші Мухаметханұлы Н. басшылығымен өткізді. Бұл іс-шараға еліміздегі қытай тілін оқитын оқу орындарынан (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Д.А.Қонаев атындағы университет т.б ) қытай тілі оқытушылары, сондай-ақ аталған іс-шараға Чехия Шығыстану институтының қытайтанушы ғалымдары – Александр Клемиш және Вера Екснеровалар қатысып, біздің студенттердің жоғарғы білім деңгейін көріп, тәнті болды. Сайысқа қатысқан он сегіз студенттің ішінен топ жарған 2 курс студенті Мурзагельлина Лаура « Менің арманым» атты тақырыпта жазылған шығармасымен көпшілік назарын бірден жаулап алды. Сайыс барысында Конфуций институтының мамандары мен қытайтану кафедрасының белді қытай тілі мұғалімдерінен құрылған әділқазылар алқасы негізінен, қытай тілін оқып жатқан студенттерінің тақырыпты аша білу қабілетіне, қытай тілінің дыбысталуына, сұрақтарға дұрыс және ұтымды жауап беруіне, көпшілік ортада өзін өзі ұстай білу мәдениетіне басты назар аударды. Сайыс соңында студенттер шағын концерт көрстетті. Білім деңгеймен алыс жақын шетелден келген қонақтарды таң қалдырған шәкірттерміз үшін үлкен мақтаныш сезімге ие болған ұстаздар қауымы өз қуаныштарын жасыра алмады. Әлемдегі ең қиын тілдердің бірі боп саналатын – қытай тілін екі жыл ішінде терең меңгерген студенттеріміздің бағындырар биігі әлі алда деп сенеміз.