TotalEnergies компаниясының өкілдерімен кездесу: ҚазҰУ тұрақты даму және ЖЭК бойынша жазғы мектепке дайындықты бастады. ТДМ 4 және ТДМ 9Farabi University

TotalEnergies компаниясының өкілдерімен кездесу: ҚазҰУ тұрақты даму және ЖЭК бойынша жазғы мектепке дайындықты бастады. ТДМ 4 және ТДМ 9

21 сәуір, 2025

Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде халықаралық энергетикалық TotalEnergies компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға компанияның үкіметпен және корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Данияр Сәлімбаев пен әлеуметтік жобалар менеджері Алтынай Аманбаева қатысты.

Кездесудің мақсаты – 2025 жылғы 16–19 маусым аралығында өтетін тұрақты даму, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), мұнай және газ бойынша жазғы мектепті ұйымдастыру мәселелерін талқылау. Жоба TotalEnergies EP Kazakhstan қолдауымен, сондай-ақ ЮНЕСКО, Профессорлар мен оқытушылар қауымдастығы, ҚазҰУ, АУЭС және ҚазҰТУ серіктестігімен жүзеге асырылады.

Бағдарлама аясында тегін дәрістер, 5 пәнаралық пән, практикалық кейстер мен тұрақты энергетика және табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері бойынша пікірталастар қарастырылған. Іс-шараға еліміздің жетекші техникалық ЖОО студенттері қатысады.

Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қосқан үлесі:

  • ТДМ 4 – Сапалы білім: тұрақты даму саласындағы заманауи білімге қолжетімділік;
  • ТДМ 7 – Қолжетімді және таза энергия: жаңартылатын энергетика саласындағы болашақ мамандарды даярлау.

Физика-техникалық факультет ғылым, бизнес және қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейте отырып, ұлттық және халықаралық тұрақты даму бастамаларына белсенді үлес қосуда.