Алматыда Көктемгі студенттер лигасы өтедіFarabi University

Алматыда Көктемгі студенттер лигасы өтеді

22 сәуір, 2025

 

2025 жылдың 26-27 сәуір аралығында Алматы қаласында, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен студенттер арасында көктемгі біліктілік лигасы басталады.

Лига студенттік спортты дамытуға және жастар арасында дене белсенділігінің деңгейін арттыруға бағытталған.

Үш спорт түрінен (футбол, волейбол және баскетбол) өтетін үлкен додаға 35 ЖОО қатысады.

Жарыстың ерекшелігі – командалардың қатысуы қатысу жарнасыз, тегін.

Турнир барысын белгіленген стандарттар мен ережелерге сәйкес келетін білікті төрешілер мен лиганың Тәртіптік комитеті қадағалайды.

Осы маусымның басты жаңалығы, лиганың арнайы сайттары іске қосылды: https://asvl.kz/  (волейбол),, https://asfl.kz (футбол),  https://sblalmaty.mtgame.ru/ (баскетбол).

Бұл платформалар командаларды тіркеуге, ойын кестесін, құрамдар мен кестелерді автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар голдар мен ұпайлардан бастап жеке ойын көрсеткіштеріне дейінгі толық онлайн статистиканы көрсетеді.

Барлық матчтар лиганың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл – турнирді кең аудиторияға қолжетімді етеді және студенттер спортына деген қызығушылықты арттырады.

Алматы студенттер лигасы -  бұл студенттердің спорттық әлеуетін дамытуға, жастар арасында бұқаралық спортты насихаттауға және университет қауымдастығын нығайтуға арналған үлкен алаң.

Ойындар кестесі:

Футбол: 27.04.2025

Басталуы: 09:00-ден 16:00-ге дейін

Өтетін орны: «ЦСКА» стадионы (Сәтбаев көшесі, 6Б)

 

Волейбол: 26-27.04.2025

Басталуы: 09:00-ден 20:00-ге дейін

Өтетін орны:

Балуан Шолақ атындағы спорт кешені (Абай  д-лы, 44)

 

Баскетбол: 26.04.2025.

Басталуы: 14:00-ден 20:00-ге дейін

27.04.2025г.

Басталуы: 09:00-ден 19:30-ға дейін

Мекен-жайы: «Champion» спорт кешеңі (Қожабеков көшесі, 6)

Ұйымдастыру комитеті