ҚазҰУ ректоры Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясына қатысты

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясы өтті.
Шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Президент барша жиналғандарды Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады. «Бұл бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты», – деді Президент.
Сондай-ақ өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Ассамблея жұмысын жандандыру бойынша бірқатар міндеттерге тоқталып, атқарылғын жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Жиында ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары және қоғамдық құрылымдардың өкілдері Ассамблеяның табысты жұмысына қатысты пікірлерін білдірді.
Айта кетейік, оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына да қатысты.
Жиында Ассамблея жұмысының қорытындылары мен алдағы міндеттері талқыланды. Атап айтқанда ақсақалдар мен аналар кеңестері, қайырымдылық пен этномедиация институты және «Ассамблея жастары» ұйымының жұмысын жандандыру мәселелері көтерілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

