Қазақпарат

8 ақпан, 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері ТҮРКСОЙ шәкіртақысын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті ТҮРКСОй кафедрасының студенттері Халықаралық түркі мәдениеті ұймының шәкіртақысын алды.

ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов пен Түркия Республикасы, Анкара қаласы Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) Қаржылық бөлімінің басшысы Санжар Муләзімұғлы ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттерін ынталандыру және әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде бірреттік шәкіртақы табыстады.

100 000 (жүз мың) теңге көлемінде бірреттік шәкіртақыға ие болған студенттер тізімі: Нұркеева Меруерт Ерланқызы, 2-курс; Мырзахмет Балжан Дулатқызы, 2-курс; 3.Күзенбаева Айым Қуанышқызы, 2-курс; Қуандық Нұргүл Қуандыққызы, 3-курс; Тоқпулатов Давлет Молдабекұлы, 3-курс; Али Гульбану, 3-курс; Имашева Зульфира, 3-курс; Аюпова Дилярам Шамшидинқызы, 3-курс.

Шәкіртақы сертификаттарын GPA көрсеткіштері жоғары, оқу озаттары мен бірнеше түркі тілдерін меңгерген, кафедраның қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысатын студенттер алды.

Шәкіртақыны салтанатты табыстау рәсіміне Түркия Республикасы, Анкара қаласы Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) өкілі, Қаржылық бөлімінің басшысы Санжар Муләзімұғлы арнайы келді.

Салтанатты рәсім естелік суретке түсумен қорытындыланды.