Қарақалпақстандық оқытушылар ҚазҰУ-да біліктілігін арттыруда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің тоғыз оқытушысы үшін біліктілікті арттыру курстары басталды.
Курс 21 сәуір мен 21 мамыр аралығын қамтиды және жалпы көлемі 144 академиялық сағаттан тұрады. Біліктілікті арттыру бағдарламасы «Биология», «Химия», «Физика», «Экология», «Құқықтану» және т.б. бағыттар бойынша өткізіледі.
Бағдарламаның мақсаты – оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру процесінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту және пәндік-әдістемелік білімдерін тереңдету.
Курс барысында қатысушылар оқу-әдістемелік семинарларға қатысады, практикалық тренингтерден өтеді, сондай-ақ ҚазҰУ-дың жетекші профессорларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар оқу үдерісінде білім беру платформалары мен цифрлық ресурстар белсенді түрде қолданылады.
Қарақалпақ мемлекеттік университеті мен ҚазҰУ арасындағы бұл академиялық байланыс Орталық Азия аймағындағы жоғары білім беру жүйелерін жақындастырып, ортақ ғылыми-әдістемелік дамуға жол ашуда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

