Farabi University

ҚазҰУ студенттерді «Cyber defense challenge» байқауына шақырады

26 сәуір

Құрметті студенттер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультеті «Cyber defense challenge» жарысына қатысуға шақырады!

 Жарыс «Digital Farabi 2025» халықаралық цифрлық форумы аясында өтеді.

Өтетін орны: 26 сәуір 2025 ж., сағат: 14:00, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 3-қабат (303 конференц-зал)

– IT саласы мамандарының кейстері, баяндама.

– Тапсырмалар бойынша топтық презентациялар. Нәтижелерді көрсету.

– Жеңімпаздарды естелік (бағалы) сыйлықтармен марапаттау.

 

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады

Байланыстағы тұлға: Медетбек Жанар, +7 (727) 377-33-30, ішкі нөмір: 1837, naukaiskafedra@gmail.com

Тіркеу формасы: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd4fWf-IyJ1xcmQUrfMfQNJgE1tqwhYHuOzH3wBzacXogyKnw/viewform?usp=header

Біз сізді күтеміз!

 

«CYBER DEFENSE CHALLENGE» ТАПСЫРМАЛАРЫ:

1-тақырып. «Bitcoin транзакцияларының динамикалық графигін құру». (СІЛТЕМЕ)

2-тақырып. «Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде киберэкстремизмді анықтау үшін модельдер әзірлеу». (СІЛТЕМЕ)

Ақпараттық технологиялар факультеті

Басқа хабарландырулар

29 сәуір-30 сәуір

«Физикадағы қазіргі зерттеулер және негізгі физикалық білім» 10 шы Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

Конференция қазіргі физикадағы өзекті мәселелерді талқылау және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту үшін ғалымдарды біріктіреді.

28 наурыз

Хабарландыру!

Құрметті халықаралық «Әл-Фараби 2026» олимпиадасының 3-турына қатысушы талапкерлер!