2025 жылғы 25 сәуірде сағат 11:00-де Медицина және денсаулық сақтау факультетінің мәжіліс залында "Атлетико Мадрид" футбол клубының менеджерлері мен бапкерлерінің көшбасшылық дәрісі өтті.Farabi University

2025 жылғы 25 сәуірде сағат 11:00-де Медицина және денсаулық сақтау факультетінің мәжіліс залында "Атлетико Мадрид" футбол клубының менеджерлері мен бапкерлерінің көшбасшылық дәрісі өтті.

25 сәуір, 2025

2025 жылдың 25 сәуірінде сағат 11:00-де Медицина және денсаулық сақтау факультетінің мәжіліс залында "Атлетико Мадрид" футбол клубының менеджерлері мен жаттықтырушыларының "Атлетико Мадрид Академиясының фитнес бағдарламасы және оның Қазақстан футбол академиясына енгізілуі" тақырыбында Лидерлік дәрісі өтті.

Лидерлік дәрістің мақсаты: болашақ спорттық командалардың жаттықтырушылары мен менеджерлерін даярлау барысында Атлетико Мадрид Академиясының фитнес бағдарламасын Қазақстан футбол академиясына енгізу тәжірибесімен және пікірлерімен бөлісу.

Дәріс оқығандар: "Атлетико Мадрид" ФК-ның менеджерлері мен жаттықтырушылары — Хавьер Гонсалес (жоба менеджері), Антонио Буэно (спорттық үйлестіруші), Иван Накамура (спорттық үйлестіруші), Илья Артюшенко (спорттық үйлестіруші).

Дәріске дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары және оқытушылары қатысты. Лекторлар жас ойыншыларды дайындау ерекшеліктері туралы, сондай-ақ Атлетико Мадрид Академиясының әдістемесіне сүйене отырып және академия жаттықтырушыларының жетекшілігімен дарынды дамытуға бағытталған бағдарламаны енгізу тәжірибесі туралы өз тәжірибелерімен және пікірлерімен бөлісті.