"Әлем таныған Әуезов "Farabi University

"Әлем таныған Әуезов "

5 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ 23,24,25-шығармашылық топтары "Әлем таныған Әуезов " атты ұлы жазушының мұражай-үйіне экскурссия жасады.Мақсат- Шетелдік қандас балаларымыз қазақ халқының танымал тұлғаларының өмірі мен шығармашылық мұрасын танытып,насихаттау. Тыңдаушылар М.Әуезовтің өз қолымен жазылған шығармалардың қолжазбаларын,естелік-сыйлықтарын,мол мұрасымен танысып, ерекше әсерге бөленді.  Естелікке фотоға түсіп,қолтаңба қалдырды.