"Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті" тақырыбында ашық тәрбие сағатыFarabi University

"Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

12 наурыз, 2025

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының «7М03101 – Әлеуметтану» БББ магистранттары 2025 жылдың 12 наурыз күні университет студенттеріне әлеум.ғ.д, профессор Г.С. Абдираймова және ғылыми жетекші әлеум.ғ.к, Г.А. Кенжакимованың жетекшілігімен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіру, адалдық пен әділеттілік қағидаттарын нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру.

Тәрбие сағаты барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы нақты мәліметтер беріліп, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары таныстырылды. Интерактивті форматта сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, студенттер белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін еркін білдірді.

Қолданылған әдістер:

  • Интерактивті лекция;
  • Видеоматериал көрсету (сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы әлеуметтік роликтер);
  • Миға шабуыл ("Сыбайлас жемқорлық деген не?" сұрағы бойынша);
  • Пікірталас ұйымдастыру ("Сыбайлас жемқорлықпен күресте жастардың рөлі қандай?").

Тәрбие сағаты соңында студенттерге "Адалдық алаңы" жобасы, "Парасат жолы" бастамасы туралы ақпарат беріліп, адалдық пен әділдік қағидаларын ұстануға үндеу тасталды.