UNEC өкілі Саида Халилмен қонақ дәрісі: Дамушы елдердегі циркулярлы экономикаға көшу стратегияларыFarabi University

UNEC өкілі Саида Халилмен қонақ дәрісі: Дамушы елдердегі циркулярлы экономикаға көшу стратегиялары

5 мамыр, 2025

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары экономика және бизнес мектебінде Саида Халил ханымның қонақ дәрісі өтті. Ол – Әзербайжан мемлекеттік экономика университетінің (UNEC) зерттеушісі, Bloomberg қаржылық зертханасының жетекшісі, Түркі әлемі экономика факультетінің оқытушысы және Әйел зерттеушілер кеңесінің төраға орынбасары.

«Дамушы елдердегі циркулярлы экономикаға көшу стратегиялары: Әзербайжан мысалында» тақырыбындағы баяндамасында Саида Халил циркулярлы экономиканың даму модельдері мен оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Ол бұл бағыттағы Әзербайжанның тәжірибесі мен кездесетін қиындықтары, сондай-ақ стратегиялық мүмкіндіктер туралы бөлісті.

Кездесу университет оқытушылары мен студенттері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Баяндамадан кейінгі сұрақ-жауап сессиясы белсенді өтті. Іс-шара тұрақты даму мен экономикалық стратегияларды дамыту жөніндегі академиялық пікір алмасуға үлес қосты.

Саида Халил туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы көруге болады: https://unec.edu.az/en/seide-ekber-qizi-xelil/