Ұлы Жеңіс-ұрпақ жадында мәңгі қалады- тақырыбыFarabi University

Ұлы Жеңіс-ұрпақ жадында мәңгі қалады- тақырыбы

7 мамыр, 2025

 Бүгін Қазақстанда Жеңіс күніне орай өткен парад – еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Бұл шара Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен аталарымыз бен апаларымыздың рухына тағзым ету, олардың батырлығын ұмытпай, келер ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.

  Парад барысында әскери бөлімшелердің саптық жүрісі, әскери техниканың көрмесі және патриоттық әндер көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Бұл — ел бірлігінің, бейбітшіліктің және Тәуелсіз Қазақстанның мызғымас негіздерінің айқын көрінісі. Мұндай іс-шаралар жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, тарихи жадымызды жаңғыртуға, халқымыздың ерлікке толы өткенін құрметтеуге ықпал етеді. Жеңіс күні — бұл тек қана тарихи дата емес, бұл — жүректерде мәңгі сақталатын қасиетті күн.                                           

Мырзахмет М.Ж.