Жүрегім менің - жанартау

11 ақпан, 2016

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубы М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ - ЖАНАРТАУ» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Кеш қонақтары – белгілі қаламгерлер, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері, «Жалын» баспасының директоры Бексұлтан НҰРЖЕКЕЕВ, «Құрмет» орденінің иегері Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ студенттердің сұрақтарына жауап беріп, әдеби шығармашылық жөнінде ой бөлісті. Мұқағали ақынның мұрағатын өз көзімен көрген, күнделігін орыс тіліне аударған, шығармаларының толық жинағын бастырған баспагер-қаламгер Б.Нұржекеев ақын шығармашылығының кейбір белгісіз қырларына тоқталды. Филология факультетінің жас ақындары Мұқағали рухына арнаған жырларын оқыды. Кеш болашақ әдебиетшілер үшін өте пайдалы болды.