Физика-техникалық факультетінде Отан қорғаушылар күнімен құттықтау. ТДМ 5
7 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде кафедра меңгерушілері мен ғылыми-зерттеу институттарының директорлары — ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтау рәсімі өтті. Бұл күн — батырлық пен абыройдың символы ғана емес, сонымен қатар ғылымның, білімнің және техникалық прогрестің дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдірудің маңызды сәті.
Факультет әкімшілігі, әріптестер мен студенттер құрметті ғалымдар мен басшыларды шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктер және жас зерттеушілерді даярлауда табыс тіледі.
Факультетте жүргізіліп жатқан жұмыс БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге, әсіресе келесі бағытқа, тікелей үлес қосады:
- ТДМ 5 – «Гендерлік теңдік» — ғылыммен айналысуда ерлер мен әйелдерге тең мүмкіндік беретін орта қалыптастыру арқылы.
Мұндай іс-шаралар факультеттегі корпоративтік мәдениетті нығайтып, ғылыми мектептердің сабақтастығын сақтауға және өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген оң ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар


