ҚазҰУ теннисшілері топ жардыFarabi University

ҚазҰУ теннисшілері топ жарды

13 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 138 жас спортшысы Түркістан қаласында өтіп жатқан XIII жазғы универсиадада спорттың 16 түрінен сынға түсуде.

Бүгін қыздар арасындағы үстел теннисінен командалық жарыста ҚазҰУ спортшылары бірінші орынды иеленді.

ҚазҰУ-дың жеңімпаз теннисші қыздары: медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенттері  Әнел Бақыт, Ангелина Романовская, география және табиғатты пайдалану факультетінің 2-курс студенті Аружан Бекіш жекелеген жарыстарға да қатысады.

Жазғы универсиада 16 маусымға дейін жалғасады.

Еліміздің 71 жоғары оқу орнынан қатысып жатқан командалар 800 медаль мен 104 кубокты сарапқа салады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі