- Басты бет
- Жаңалықтар
- Болашақ бүгіннен басталады: “Жас Зерде” командасы — Республикалық олимпиададағы үздіктер қатарында!
Болашақ бүгіннен басталады: “Жас Зерде” командасы — Республикалық олимпиададағы үздіктер қатарында!
.jpeg)
2025 жылғы 25 сәуірде 6В04104 – Әлемдік экономика білім беру бағдарламасының студенттер командасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінде университетімізді лайықты түрде таныстырды. Олимпиада академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің Экономика және халықаралық бизнес кафедрасында өтті.
“Жас Зерде” командасының құрамына Журабеков Талғат Нұрбай ұлы (команда капитаны), Құламқадыр Нұрайлым Ғалымжанқызы және Нұрғазин Ильяс Владимирович кірді. Команда “Шөлейттенуге қарсы күрес: жаһандық климаттық күн тәртібіне жергілікті шешім” жобасын ұсынып, топырақты қалпына келтіруге және шөлейттену процестеріне қарсы күресуге бағытталған экологиялық инновация — ReWOOLution брендін таныстырды. Команданың ұраны — Per aspera ad astra (Тікенектер арқылы жұлдыздарға) — олардың биік мақсаттарға ұмтылуы мен қиындықтарды еңсерудегі жігерінің символына айналды. “Жас Зерде” командасы жалпы командалық есепте құрметті 2 орынды иеленді. Жеке есепте Құламқадыр Нұрайлым Ғалымжанқызы 2 орын, ал Нұрғазин Ильяс Владимирович 3 орын алды.
Жобаның ғылыми жетекшілігін "Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика" кафедрасының ассоциирленген профессорлары, экономика ғылымдарының кандидаттары Еримпашева Аида Тілектесқызы мен Медуханова Лязипа Әлекенқызы жүзеге асырды. Сапар шығындарын қаржылай қолдауды “Әлемдік экономика” білім беру бағдарламасының оқытушылары қамтамасыз етті. Олар қаржылай қолдаумен қатар, студенттердің кәсіби дайындығына да елеулі үлес қосты. Команданы қолдауда студенттердің кураторы Ильясова Гүлмира Ғариполлақызы мен команданың қатарласы Чан Туи Чанг ерекше рөл атқарды. Олардың қатысуы, көмегі мен ықыласы команданың табысты өнер көрсетуіне маңызды үлес қосты.
Студенттердің, олардың ғылыми жетекшілерінің және қолдау көрсеткен команданың жетістіктері жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби өсуге деген ұмтылысты көрсетеді. Алда тағы да жаңа жетістіктер, ғылыми табыстар мен шабытты сәттер көп болсын!
https://www.instagram.com/reel/DI4ffpvBtWK/?igsh=MWh2M2hxbHNwaGlhag==
Басқа жаңалықтар


